Дауылдық ескерту
17-19 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 17 қаңтарда түнде, 19 қаңтарда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 17 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 19 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. 17-19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жел күтіледі. Тараз қ.: 17-19 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 19 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі. Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары ! Қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше алысқа жол сапарды кейінге қалдырғандарыңыз жөн. Егер сіз жолға шығуды шешсеңіз, сапар алдында ұялы телефонды қуаттаңыз, шотқа ақша салыңыз, сонымен қатар телефонды тікелей салонда қуаттау үшін автокөлік қуаттағышын алуды ұмытпай, қосалқы телефонды, қысқы мезгілде ұйықтайтын сөмкені, жылы киім мен ыстық шәй құйылған термос пен тамақ алуды естен шығармаңыздар. Туыстарыңызды, таныстарыңызға баратын бағытыңыз туралы ескертіңіз. Жеткен соң коңырау шалып, сөйлесіп отыруды ескертіңіз. Егер сіз байланысқа шықпасаңыз, олар дабыл қағады. Өз қауіпсіздігіңіз өзіңіздің қолыңызда.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




