Айтылған сыннан оң нәтиже шығарамыз
Газетіміздің 2024 жылғы, 6 қаңтар, сенбі күнгі №2 (19418) санында тілші Есет Досалының «Барымызды бағалап жүрміз бе?» атты сын мақаласы жарияланған болатын. Мәселеге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев назар аударып, аталған мәселеге орай жауаптыларға нақты тапсырма берген еді. Осы орайда, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов аталған сын мақалаға ресми жауабын берді. Басқарма басшысының жауабын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Редакциядан
Облыс әкімі «Aq jol» газетінде жарық көрген мақалаға орай, тапсырма берген болатын. «Тараз» кәсіпқой футбол клубы 2022 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша 12-орынға ие болды және п ремьерлигадағы орнын сақтап қалды. Алайда, клубтың 2022 жыл қорытындысымен кредиторлық берешектің болуына байланысты Қазақстанның футбол федерациясы сертификаттаудан өткізбеді. Нәтижесінде, бірінші лигаға өту және үнемделген қаражат есебінен кредиторлық берешекті өтеу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күнге қалыптасқан берешектің 70 пайызы өтелді. Өткен жылы команда құрамы айтарлықтай қысқартылып, жүз пайыз жамбылдық футболшылардан құралған жергілікті жастарға мүмкіндік берілді. Олардың жастары 17-21 жас аралығында. Команданың басты мақсаты – алдағы уақытта Қазақстан Республикасы чемпионатының премьер-лигасына шығу болып табылады. Одан бөлек, 2023 жылы орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, стадионның ішкі және сыртқы келбетін әрлеу, жүгіру жолағын ауыстыру және өзге де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта орталық стадионның көгалдарын UEFA стандартына сәйкестендіру мақсатында бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Сонымен қатар, 2004 жылы Афина Олимпиадасындағы Бақтияр Артаевтың жарқын жеңісінен кейін, Олимпиада алтынына қол жеткізе алмай келеміз. Бұл тек, біздің облыстың ғана емес еліміздің, Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Туризм және спорт министрлігінің басты проблемаларының бірі. Дегенмен, соңғы үш Олимпиада ойындарында да облыс спортшылары (Ақжүрек Таңатаров – Лондон-2012 Олимпиадасының қола жүлдегері, Елдос Сметов – Рио-2016 Олимпиадасының күміс, Токио – 2020 Олимпиадасының қола жүлдегері) жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазіргі таңда, Париж-2024 Олимпиадасынан кейін «Олимпиада жұлдыздарына» арналған халықаралық жарыстар өткізу жоспарлануда. Бүгінде облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басты мақсаты – төртжылдықтың басты додасы үшін 2024 жылғы Парижде өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жолдамаларына қол жеткізу үшін кешенді жоспарлар жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде көптеген жамбылдық спортшылар спорттың бірнеше түрінен Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларының мүшелері. Қазіргі бессайыс спорт түрінен Георгий Борода-Дудочкин «Париж-2024» Олимпиадасына лицензия жеңіп алды және Париж – 2024 XXXІІІ жазғы Олимпиада және XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына лицензия алуға үміткер 24 спортшымыз бар. Олимпиада ойындары жолдамасына үміткерлердің қатарында екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, паражүзуден паралимпиада чемпионы Зульфия Габидулина, паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет, бокстан Әлем чемпионы, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов, грек-рим күресінен Қазақстан тарихында тұңғыш U-23 Әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы сияқты спортшыларымыз бар. Сонымен қатар, су добынан ҚР Ұлттық құрамасы сапындағы Жамбыл облысының спортшылары да үлкен үміт күттіреді. Облыс әкімінің нақты тапсырмасын назарға алып, айтылған сыннан оң нәтиже шығуын назарда ұстайтын боламыз.Арман ТАШМЕТОВ,
облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді