Басты жаңалық
Жамбыл облысында өткен жылы пайдаланусыз жатқан 201,2 мың га жер қайтарылды
- author «Ақ жол»
- 11 қаңтар, 2024
- 945
Жамбыл облысында өткен жылы пайдаланусыз жатқан 201,2 мың га жер қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер мәселелері бойынша тексеру жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асып келеді.
Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр өңірімізде пайдаланылмай жатқан 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тапсырма тиісті деңгейде орындалған.
Айта кетейік, бұл алқаптар бұған дейін 530 тұлғаның иелігінде болған.
Мемлекет меншігіне өткен 41860,7 гектары Мойынқұм ауданынан, 31591,6 гектары Сарысу ауданынан қайтарылса, одан кейінгі жер алқаптары Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай, Талас және Шу аудандарына тиесілі.
Ал, биыл облыста шамамен 80 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарлануда.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




