Басты жаңалық
Жамбыл облысында 9 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды
- author «Ақ жол»
- 10 қаңтар, 2024
- 218
Жамбыл облысында 9 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыс прокуратурасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде сараптамалық кеңестің отырысына қатысты.
Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрымова, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров және кәсіпкерлер палатасы мен басқарма өкілдері, бірқатар шетелдік инвесторлар арнайы қатысып, инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу бойынша прокурорлық сүзгілеу мәселесін жан-жақты талқылады.
Өткен жылы прокуратура органдары 162 қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде 9 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалған. Заң бұзушылықтар негізінен салық, жер, әкімшілік заңнама салаларында анықталған. Сондай-ақ, фронт-офистердің жүйелі жұмыстарының нәтижесінде өз жобалары аясында 230 млрд. теңге инвестиция салып, 720 жұмыс орнын құруды көздейтін 5 инвестордың мәселесі оңынан шешілген. Атап айтқанда, прокурорлардың үйлестіруімен Talas Investment Company ЖШС-нің «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да несие желісін ашуға мүмкіндік туған. Салық органдары мен атқарушы өндірістердің 500-ден аса актісі өз күшін жойып, бизнес-қоғамдастық өкілдеріне 246 миллион теңге төленген.
Басқосу барысында бұған дейін өткен сараптамалық кеңестің отырыстарында ірі инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты берілген тапсырмалардың нәтижесі баяндалып, «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасының маңызы сараланды.
Облыс әкімі кәсіпкерлікті қолдау бағытында қолға алынған жұмыстардың басым бағыттарына кеңінен тоқталып, инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында аудан әкімдері үшін KPI жүйесі енгізілгенін атап өтті.
- Бұған дейін 40-қа жуық инвесторлармен кездесу өткіздім. Шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмысты жандандыру маңызды. Жалпы, әрбір инвестиция өңір экономикасын әртараптандыруда айрықша маңызға ие. Өңірімізде негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін арттыру бағытында аудан әкімдері үшін жаңа KPI жүйесі енгізілді. KPI – аудан әкімдерінің жұмысын бағалауда маңызды жүйе. Сонымен қатар, бұл қадам өңірдің инвестициялық саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді, - деді Ербол Қарашөкеев.Сондай-ақ, жиын барысында Парламент Мәжілісінің депуттаттары өз ойларын ортаға салып, жергілікті билік әлеуетті инвестициялық жобаларға көмек көрсету мен инвесторлардың жауапкершілігін күшейтуге қатысты мәселелер көтерді. Басқосу соңында облыс әкімдігі мен облыстық прокуратура жүйелі негізде қолдауды іске асыратын инвесторлардың өңірлік тізбесін құру туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, бұл шаралар мемлекеттік органдардың бірлесе отырып, инвесторлар мен кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуге мол мүмкіндік береді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді