Жаңа мектеп-гимназия пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында бес жүзге жуық мектеп салу жоспарланған болатын. Жалпы, облыста 9500 орындық 12 мектеп салу көзделген. Соның ішінде Тараз қаласында 4 білім ошағын салу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, ол мектептерді Шөлдала алқабында, №13 шағынауданда 1200, ал №15 шағынауданында 1200 және 2000 орындық мектеп салу межеленген. Бүгінгі күні Тараз қаласындағы Бурыл алқабында 200 орындық жаңа мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді. – Өткен жылдан бастап қаламызда Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», – дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда қаламызда осы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 4 мектептің құрылыс жұмыстары басталған еді. Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» жобасы аясында жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылуда, – дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов.
Бурыл алқабындағы «Білім бағы» мектеп-гимназиясы 200 оқушыға арналған. Заманауи үлгіде жабдықталған мектепке 1-4-сынып аралығындағы оқушылар қабылдануда. Мұнда 9 оқу сыныбы интернет жүйесімен, заманауи құрылғылармен толық қамтамасыз етілген.
Оқу ордасының ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай қатысып, ақжарма тілектерін арнады. Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар мектептің лентасын қиып, оқу ордасының ішін аралап көрді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді