
Аманатқа адалдықтың көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazagstan» газетіне ауқымды сұхбат беріп, елдегі маңызды өзекті мәселелерге тоқталды. Президент бастамаларының басым көпшілігі жүзеге асып келеді. Жаңарған, жаңа заманда көштің, көптің алдында абырой биігінен көрініп, ел еңсесін биіктетуді парыз санаған Мемлекет басшысы сұхбат барысында атқарылған істері мен алдағы жоспарлары жайлы айтқан. Зорлық-зомбылық жасағандарға жазаның күшейетінін мәлімдеген болатын. Бұл мәміле әсіресе ел ішіндегі болып жатқан түрлі қатыгездіктің алдын алады деп үміттенеміз. Тағы бір қуанарлығы – Ұлттық қордан балаларға қаржы бөлінетіндігі. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары мықтап қолға алынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Отанымызды көркейту жолында Қасым-Жомарт Тоқаев ұрпаққа елімізді дамыған мемлекет ретінде табыстап, бабалар аманатына адалдық жасағысы келетіні белгілі. Ел үшін елеулі еңбек етіп, жаңарған заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде биік белестерден көрінетіні тайға таңба басқандай анық.
Гүлнұр АЛТЫНБЕКОВА,
Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Өңірлер дамымай, ел экономикасы өркендемейді»
- 19 сәуір, 2025
«Су мамандарының қажет екенін әлі де түсіне алмай жатырмыз»
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді