«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұрғындарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады

Тұрғындарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады
ашық дереккөз
Тұрғындарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров пен Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, өнертапқыш Марат Аюбаев өзінің өрт сөндіруге арналған жобасын таныстырып, қолдау көрсетуді сұрады. Оның бұл бастамасын мәжілісмен Мұқаш Зұлқарнайұлы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне жеткізетінін айтты. Келесі кезекте Талас ауданының тұрғыны Күмісбек Дәуренбеков Қаратау қаласы мен Есейхан ауылы арасындағы 12 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етуді сұрай келіпті. – Жалпы, Есейхан ауылында бұрын 1200 тұрғын болса, қазіргі таңда 800-дей ғана тұрғын қалды. Ауылдағы инфрақұрылым дұрыс болмаған соң барлығы басқа жаққа көшуге мәжбүр. Мәселен, ауылда газ жоқ. Әрі жастардың бұқаралық спортпен айналысуы үшін спорт алаңшасы салынбаған. Айта кетерлігі, 2018-2019 жылдары «Тараз-Дизайн» ЖШС ауылға су тартып бергенімен, араға көп уақыт салмай құбырларына мұз қатып, жарамсыз күйге түсті. Содан бері судан да таршылық көріп келеміз, –дейді тұрғын Күмісбек Дәуренбеков. Тұрғынның өтініші алдағы уақытта Талас ауданы әкімдігіне жеткізіліп, партия назарына алынатын болды. Сонымен қатар, 6 балалы ана Зәуреш Қалматаева отбасылық жағдайына байланысты материалдық көмек сұрады. Пәтер жалдап тұратын тұрғынға көмек көрсету мақсатында демеушілер қарастырылмақ. Ал, Тараз қаласының тұрғыны Ләззат Шекербекова 2017 жылдан бері екі рет инсульт алған екен. Бастапқыда І топ, кейіннен ІІ топ мүгедектігін алған. Бірақ, соңғы жылдары мүгедектігін алып тастапты. Бүгінгі күні №7 мектепте мұғалім болып жұмыс атқаратын ұстаз денсаулығына байланысты мүгедектікті қайта алуға ықпал етуді сұрады. Оның бұл өтініші бойынша ем қабылдайтын емханаға партия тарапынан ұсыныстар берілетін болады. Яғни, мүгедектікті тағайындайтын комиссияға тұрғынның денсаулығын қайта қарау туралы ұсыныс жолданады.  

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ, Amanat партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Ұқсас жаңалықтар