
Ауыл шаруашылығы техникалары жаңарады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «АгромашХолдинг KZ» АҚ басшылығымен кездесу өткізді. Аймақ басшысы мен «АгромашХолдинг KZ» АҚ президенті Мейрамбек Сандыбеков аграрлық салада, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
Облыс әкімі индустриялық-аграрлық аймақ болып табылатын өңір үшін ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру мәселелері қашанда маңызды екенін атап өтті.
– Өңірімізде қант қызылшасын себуге арналған мамандандырылған техника мен комбайндардың жетіспеушілігі байқалады. Біз су үнемдеу технологияларын енгізуді арттыру нәтижесінде егіс алқабын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде тиісті шараларды қолға алудамыз. Басты мақсат – ауыл шаруашылығын механикаландыру деңгейін арттыру, – деді Ербол Қарашөкеев.
Жалпы, облыста бүгінде барлығы 13,8 мың техника тіркелсе, оның 4 570-і трактор, 985-і комбайн. Мейрамбек Сандыбеков агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту үшін өңірдің әлеуетін барынша тиімді пайдалану жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтты.
Сондай-ақ, ол «АгромашХолдинг KZ» Жамбыл облысында сервистік орталық ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға аталған жобаның мүмкіндіктерін жан- жақты зерделеу және қолдау көрсету бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді