Басты жаңалық
Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері бәс тігуден жарты миллиард теңге ұтылып қалды
- author «Ақ жол»
- 3 қаңтар, 2024
- 1.1k
Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері бәс тігуден жарты миллиард теңге ұтылып қалды
Бәс тігуге ақша алу үшін қызметкер туыстары мен жақындарын өтпейтін тендерлерге қатысуға шақырды. Осы схеманың арқасында ол 200 миллион теңгеден астам сомаға адамдарды алдап үлгерген. Желтоқсан айының соңында сот жастар саясаты бөлімінің бұрынғы қызметкерін аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы бұл дәлелдемелерді толығымен сұрап, сараптама жүргізді. Айыпталушы бәс тігуден 500 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 205 миллион теңге болды»,- деді прокурор Аяла Құдайберген.Ділмұрат Хамрақұлов алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 10 жылға мемлекеттік сатып алу саласында қызмет көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




