Жетістікке толы жыл
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір жылды шығарып салар тұста біз өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтар мен маңызды оқиғаларды еске аламыз. Тұрақты даму жолындағы елімізбен бірге 2023 жыл тарихы терең Тараз, киелі Әулиеата өңірі үшін де негізгі салалар бойынша жетістіктерге толы болды. Облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,3 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 800 миллиард теңгеге жетті. Өңірімізге 400 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың оң динамикасы сақталуда. Шағын, орта бизнес субъектілерінің саны 20,1 пайызға өсіп, оларда жұмыспен қамтылғандардың саны 108 мыңнан асты. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алуға мүмкіндік алып отыр. Аймағымыздың шалғай аудандарындағы елді мекендерде көптеген әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, 4 жаңа мектеп, 6 спорт кешені, 15 денсаулық сақтау нысаны мен 6 мәдениет ошағы пайдалануға тапсырылды. Тұрғындарды таза ауыз сумен және табиғи газбен қамту бағытындағы жобалар да жүйелі түрде жалғасуда. Бұл жетістіктердің бәрінде барша жамбылдықтың зор үлесі, елеулі еңбегі бар. Біз өзара бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың арқасында алдағы уақытта да даму динамикасын сақтап, жетістіктерге қол жеткізе береміз деп сенемін. Құрметті жамбылдықтар! Жаңа жыл жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге толы болып, әр шаңырақтан шаттық арылмасын! Еліміз еңселі, халқымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Жаңа жыл құтты болсын!Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ,
облыс әкімі.
Абдалы НҰРАЛИЕВ,
облыстық мәслихаттың төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Қант қызылшасын жинау жұмысы қарқынды
- 29 қазан, 2024
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді