Жаңалықтар
Жамбылдық дарынды оқушыларға Президенттің Жаңа жылдық сыйлықтары табысталды
- author «Ақ жол»
- 29 желтоқсан, 2023
- 566
Жамбылдық дарынды оқушыларға Президенттің Жаңа жылдық сыйлықтары табысталды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы дарынды оқушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлықтарға ие болды.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Төле би атындағы №8 гимназияның оқушысы Сенім Мұхамедалиеваға ҚР Президентінің құттықтауын жеткізіп, жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті.
Аймақ басшысы Сенімге оқуда үздік, өмірде жолы ашық болуын тіледі.
Алтыншы сынып оқушысы Сенім Мұхамедалиева «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауында «Информатика робототехника, STEM, инженерия» секциясында және шахматтан ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде 1-ші орынды иеленген.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының құттықтауы №12 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Шыңғыс Әбдуәлі мен №16 орта мектептің 3-сынып оқушысы Кәусар Мұқатайға тапсырылды. Оларды облыс әкімінің орынбасарлары жеткізді.
Шыңғыс «Жарық жұлдыз» байқауында «Үздік оқушы» атанып, «Алтын таланттар» халықаралық байқауында қатарластарынан оқ бойы озық шыққан. Ал Кәусар каратэ-до бойынша облыстық жарыстардың жеңімпазы.
Өз кезегінде де жүздері бал-бұл жанған балалар мен олардың ата-аналары Мемлекет басшылығына ризашылығын жеткізіп, қуаныштарымен бөлісті.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




