
Мемлекеттік наградалар табысталды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары, педагогтер мен қоғамдық бірлестік өкілдері бар. Аймақ басшысы түрлі сала өкілдеріне елеулі әрі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің басшысы Шарапат Сүйімқұл мен Қордай ауданындағы «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Айша Идыбоға берілді. Ал, мойынқұмдық еңбек ардагері Салима Ахметжанова «Шапағат» медалімен марапатталса, Байзақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы мектеп гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азиза Салимова Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысына ие болды. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің бас сарапшысы Бибігүл Утепова Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына қол жеткізді. Сондай-ақ, «Раван» шаруа қожалығының төрағасы Азим Гасановқа (Шу), еңбек ардагері Шекер Сатыпалдиева (Мойынқұм) мен «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы Николай Рахметілдаевқа (Байзақ) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хаты тапсырылды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет етуге дайын
- 24 мамыр, 2025
Барлық бассейннің суы таза екеніне сенімдісіз бе?
- 24 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді