Инвестиция тартуға басымдық беріледі
Барлық ауданның әлеуетін тиімді пайдаланып, инвестиция тарту бойынша жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру маңызды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кеңейтілген мәжілісте осылай деп, аудан әкімдері салалық басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Жиында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлік көрсеткіштердің орындалу мәселелері қаралды.
Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтің айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 545,9 миллиард теңгені құраған.
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің химия өнеркәсібі (105,0%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (103,8%), машина жасау (134,5%), жеңіл өнеркәсіп (106,7%) салаларында өнім көлемі артқан.
Аймақ басшысы басқармалар мен аудан әкімдері өңірімізде инвестициялық ахуалдың сақталуына мүдделік таныту қажеттігін атап өтті.
– Инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру – басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің жеке бақылауында болуы тиіс. Басты міндет – тұрғындардың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу.
Инвестиция тарту бойынша аудан әкімдеріне белгіленген мерзім ішінде орындауға тиіс КРІ белгілеп, нақты міндеттер қойдық. Келесі жылы инвесторлармен лайықты түрде жұмыс істей алмаған басшыларға шара қолданылады, – деген Ербол Қарашөкеев бірқатар аудан әкімдерінен жеке-жеке жауаптар алды.
Басқосуда облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қол жеткізілген көрсеткіштері туралы есебі тыңдалды. Оның айтуынша, қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде 6715 адам оқуларын аяқтап, олардың 3032-сі жеке кәсібін ашқан. Сондай-ақ, жыл басынан бері 3 айлық қысқа мерзімдік оқытуға 1405 адам жолдама алып, бүгінде 152 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жиын қорытындысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы бағдарламаға қатысып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтардың жұмысына мониторинг жүргізу, мемлекет қаржысын мақсатты пайдалану жөнінде баса айтып, жауаптыларға кәсіпкерлік көрсеткіштерін жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді