
Жаңа жыл қарсаңында Ақермен ауылдық округіне қарасты Ақкөз Қайнар ауылы мен Тәтті станциясында медпункттер ашылып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді.
Әлеуметтік нысандардың салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкірекбаев, «AMANAT»партиясы аудандық филиалының төрағасы Күлайым Шағатаева, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мейрамбек Дәрменов және ауыл тұрғындары қатысты.
Жорабек Нұрмергенұлы ауыл тұрғындарын қуанышпен құттықтап: "Бұл нысан халықтың талап-тілегі, сұранысына сәйкес салынып отыр. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың мүддесі мен сұранысы Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі, яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болуы тиісдеп айтқаны бар. Осы ретте, осындайәлеуметтік нысандар салу, әсіресе шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін аса қажеттілік болыптабылады. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады. Бұл медпункт ауыл азаматтарының қажеттілігін өтеп, тұрғындар игілігі үшін қызмет етеді депсенемін", – деді.
Сонымен қатар, шара барысында тұрғындар ришалықтарын білдіріп, ауыл ақсақалдарының қатысуымен салтанатты түрде лента кесілді.
Айта кетейік, аталған нысан «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. 5 келушіге арналған медициналық нысанда 3 азамат жұмыспен қамтылатын болады.
Ақкөз қайнар ауылында медпункттің ашылуымен басталған қуаныш Тәтті ауылдық округіне қарасты Тәтті станциясында жалғасты.
«Жомарт жүрек» бағдарламасы аясында ауыл азаматы, жеке кәсіпкер Бейсенбек Көкебаевтың демеушілігімен, 5 келушіге арналған медпункт ашылды.
Салтанатты лента қию рәсіміне қатысқан аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, демеушіге алғыс білдірді.
Сондай ақ, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мейрамбек Дәрменов және ауыл ақсақалдары Серік Ізбасаров пен Доғдырбай Мырзабалиев ізгі тілектерін білдірді.
Қазыбек КАМАЛ,
«Меркі тынысы»
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді