Қоғам
Жамбылдық Антикор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтарын қорғады
- author «Ақ жол»
- 26 желтоқсан, 2023
- 354
Жамбылдық Антикор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтарын қорғады
«Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру саласына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 16 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдаудан негізсіз бас тартқаны анықталды.
Өтінімдерді қабылдамауға бұрын алынған несиелердің төлем мерзімін кешіктергені себеп болған.
Департаменттің ұсынымынан кейін аталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері қайта қаралып, өтінімдер қабылданды.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.
Сондай-ақ, 10 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты қаражаттың нысаналы мақсатын растауға фискалдық чек ұсынбағаны үшін алынған қарыздың 25% мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүрлегені анықталды. Мониторинг ұсынымы бойынша айыппұл салу туралы жіберілген хабарламалар жойылды.
Одан басқа, мониторинг барысында 154 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидияламағаны анықталды. Мұның себебі ақпараттық жүйелердегі шарттардың жойылуы.
Департаменттің ұсынымынан кейін ауыл шаруашылығы басқармасы шарттарды қалпына келтіру бойынша шараларды жүзеге асырып, (кредиттік серіктестіктер: Дихан, Жуалы, Мерке, Әулие ата, Қордай, Шу және Саудакент) нәтижесінде кредиттік серіктестіктерге 24,2 млн теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
Ел бақытын тербеткен күн
- 16 желтоқсан, 2024
Шындық жырын шырқаған жас қырандар...
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді