Басты жаңалық
Жыл қорытындысы: азық-түлік қауіпсіздігі және АӨК-ті дамыту, жаңа өндірістер және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау
- author «Ақ жол»
- 25 желтоқсан, 2023
- 348

Жыл қорытындысы: азық-түлік қауіпсіздігі және АӨК-ті дамыту, жаңа өндірістер және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау
Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларының бірі. Мемлекет жыл сайын АӨК-ті қолдауға қомақты қаражат бөледі, шаруалар оны субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және қолжетімді ауыл шаруашылығы техникасы түрінде алады. Саланы одан әрі дамыту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру бойынша стратегиялық міндеттер қойды.
ҚР Президенті халыққа Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізуіміз керек», — деген болатын.
Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Үкімет АӨК-ті дамытудың бірқатар жаңа бағдарламасын іске асыра бастады, олар аталған бағытта жақсы серпіліс жасауға септігін тигізеді.
Primeminister.kz редакциясы ауыл шаруашылығы саласының дамуының 2023 жылғы нәтижелеріне арналған шолуды ұсынады.
Павлодар облысында биыл сыйымдылығы 65 мың тонна болатын 6 көкөніс қоймасы іске қосылды. – Шығыс Қазақстан облысында қуаты 12 мың тонна астық қоймасының құрылысы аяқталды, жобаның құны – 1,2 млрд теңге.
– Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі «Emc agro» ЖШС ет комбинаты жылына 15 мың тонна дайын өнім өндіре бастады. Жобаның жалпы сомасы – 11,5 млрд теңге.
Жалпы 11 айдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығына 855 млрд теңге (өткен жылғы деңгейден 11%-ға артық), ал азық-түлік өндірісіне 130 млрд теңге (өсім – 9,5%) тартылды.
● Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға барлық көздерден шамамен 500 млрд теңге бөлінді.
● Субсидиялау жүйесі реформаланды. Қағидалардың барлығына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған ұсыныстары негізінде нақты өзгерістер енгізілді.
● Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізілді – ол фермерлер үшін тегін және барлық мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған. Оның аясында шағын және орта шаруашылықтардың субсидияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «күту парақтары» енгізілді.
● Алғаш рет субсидиялаудың жалпы қағидаларына фермерлер жылыжайларына маусымаралық кезеңде жабық топырақта көкөніс өсіруге жұмсалатын электр энергиясы, газ және көмір шығындарын субсидиялауға мүмкіндік беретін норма енгізілді. Желтоқсан айының соңында Түркістан облысында фермерлер жылыжайларына субсидия беріле бастады.
2023 жылы Түркістан облысында қарқынды бау-бақша алқаптары 5 405 га-ға дейін ұлғайды. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында өнімділік бес есеге – 60-70 центнерден 300-350-ге дейін өсті. ● Тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру, өндірушілермен меморандумдарға қол қою және мемлекеттік қолдау шараларының арқасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуі тұрақтандырылды. 11 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясының деңгейі 7,5%-ды құрады.
● «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша АӨК нысандарына несие беруге 461,6 млрд теңге, оның ішінде «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы 318,6 млрд теңге және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 143 млрд теңге бағытталды.
Шемонаиха ауданындағы «Рулиха» шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиесінің арқасында жақсы сүт беретін голштин тұқымынан 600 сиыр сатып алды. Әр сиыр тәулігіне майлылығы 4,5% 30 литрден астам сүт береді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаражаты есебінен Қостанай облысында сыйымдылығы 6 мың тонна көкөніс қоймасы іске қосылды. Қоймалар заманауи салқындату және желдету қондырғыларымен жабдықталған. ● Биылғы ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет отандық фермерлерге қосымша қолдау көрсету жөнінде бірқатар шараларды қабылдады:
– Үкімет Жамбыл облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге келтірілген залалды өтеуге 3,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
– Бидайды кептіру үшін 62,5 мың тонна көлемінде жеңілдікпен дизель отыны бөлініп, оның литрі 250 теңгеге берілді, бұл нарықтан 15%-ға төмен;
– «Бәйтерек» холдингінің қаржы институттары тауар өндірушілерге қатысты айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды ұзартуды жүзеге асыруда;
– фермерлер үшін нарықтық деңгейде 3-санаттағы бидай үшін 120 мың теңге және 4-санаттағы бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде баға белгіленді;
– Үкімет резервінен 31,3 млрд теңге бөлінді, олар 350 мың тонна бидайды тікелей сатып алуға жұмсалмақ;
– 400 мың тоннаға жуық көлемде жұмсақ бидайдың тұқым қоры қалыптасады.
Осылайша, 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және қолдауға мемлекет шамамен 1,2 трлн теңге қаражат бөлді. Жалпы қабылданған шаралар фермерлердің қаржылық жағдайын жақсартады және оларға 2024 жылғы егіс науқанына уақытылы дайындалуға мүмкіндік береді.




Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді