Бауыржан Момышұлының туғанына бүгін – 113 жыл
Қазақтың қайсар ұлдарының бірі, Екінші дүниежүзілік соғыста асқан ерлігімен ел есінде қалған, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына бүгін – 113 жыл.
Баһадүр бабаларымыздың жалғасындай болған Бауыржан атамыз ел мен жерге қызмет етудің, отанға қорған болудың қайталанбас үлгісін таныта білді.
Оның ғұмыр жолы, азаматтық ұстанымы бүгінгі жас ұрпақ үшін үлгі-өнегеге толы.
«Отан үшін отқа түс – күймейсің», «Тәртіпке бас иген – құл болмайды, Тәртіпсіз ел болмайды», «Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба»,-деген секілді Баукеңнен қалған көптеген нақыл сөздер бүгінде ұранымызға айнала білді. Бауыржан Момышұлын тек жамбылдықтар ғана емес, барша қазақстандықтар мақтаныш тұтады. Облысымыздағы 7 мектеп, 1 ауылдық округ, 1 елді мекен, 44 көше, 1 саябақ, 1 стадионға батырдың есімі берілген.
Қаһарманға деген құрмет ешқашан толастамайды. Батыр бабымыздың ұлағатын ұлықтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу – біздің негізгі мерейлі міндеттеріміздің бірі.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




