Басты жаңалық
Жыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобалар және Қазақстанда жаңа тауарлар өндірісін дамыту
- author «Ақ жол»
- 22 желтоқсан, 2023
- 428

Жыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобалар және Қазақстанда жаңа тауарлар өндірісін дамыту
Биыл еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық модельге көшуді бастады. Ол үшін еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыруға баса маңыз берілген құрылымдық экономикалық реформалар белгіленді.
Отандық тұрмыстық техника шығаратын Silk Road Electronics зауыты Автоматтандырылған кәсіпорында Artel брендімен су жылытқыштар, шаңсорғыштар, ас үй плиталары, шағын пештер, ас үй ауасын тазартқыштар, жартылай автоматты кір жуғыш машиналар мен теледидарлар сияқты 7 түрлі өнім шығарылады. Зауыт 2025 жылға қарай толық қуатына шыққанда жылына 1,1 млн дана өнім шығаратын болады.
– Қарағанды облысында ашылған тағы бір маңызды жоба — қуаттылығы жылына 330 мың тонна өнімді құрайтын әк шығаратын зауыт. Импортты алмастыруға зор үлес қосатын кәсіпорынға «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді. Зауыт республиканың әктасқа қажеттілігін толық жабады деп күтілуде.
– Қыркүйекте Жетісу облысындағы керамикалық плитка өндірісінің қуаты жылына 1,2 млн шаршы метрден 3,5 млн шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Бұл еліміздегі осы өнім импортының 10%-ын жабуға мүмкіндік береді. 226 жұмыс орны ашылды.
– Локализацияны дамыту аясында қуаттылығы жылына 25 мың дана Kia Sportage және Kia Cerato автомобильдерін ұсақ тораптық әдісі арқылы (дәнекерлеу және кузовтарды бояуды қоса) шығару ұйымдастырылды. Қуаттылығы жылына 30 мың дана Chevrolet Onix автокөліктерін ұсақ тораптық әдіспен шығару жобасын іске қосу басталды.
«Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», — делінген ел Президентінің халыққа Жолдауында.Primeminister.kz редакциясы жылды қорытындылай келе, отандық өнеркәсіпте қол жеткізілген нәтижелерге шолу жасады.


Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді