Еңбек Еріне ерекше құрмет
Жуалы ауданының сол топырақтан шыққан танымал тұлғаларға құрметі ерекше. Біз оны Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Аягүл» бөбекжай бақшасына барған кезде де байқадық. Аталған мектепке дейінгі мекемеге Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованың есімі берілген. Мекеменің ашылғанына он жылға жуықтапты. Мұнда бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. 12 топта 280 бала тәрбиеленуде. Жалпы, мекемеде 83 қызметкер еңбек етсе, оның ішінде 27-сі – тәрбиешілер. Осындай үлкен балабақшаны басқару да оңай емес. Бұл міндетті Айша Дәулетбаева абыройлы атқарып келеді. Бөбекжайдың білікті мамандары өз жұмыстарына қашанда жауапты қарайды. Мейірбике Азима Нәдірова, аспазшы Гүлнар Нарымбекова, психолог Қаламқас Елемесованың тиянақты жұмыстарынан осыны аңғардық. Он жылға жуық еңбек өтілдері бар тәрбиешілер Гауһар Стамбекова, Динара Көпбаева, Нүрила Сәулімбаеваның да бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еңбектері үлкен. Тәрбиешінің көмекшілері атқаратын жұмыстар жеңіл емес. Көзге көрінбейтін осы шаруаларды қабақ шытпай тындырып жүрген Күләйна Рахманова, Зухра Күзембаева, Жеңіскүл Күзембекова сынды азаматтарға алғыс айтсақ артық емес.
Мектепке дейінгі мекемені аралап көрдік. Асханасындағы тағамдардың сапасы көңіл қуантады. Мәжіліс, спорт залдарындағы заманауи үлгідегі түрлі жабдықтарға да көзіміз түсті. Аягүл Миразова әрдайым қолдау көрсетіп тұрады екен.
– Осында басшы болып келгеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Барлық тәжірибемді салып, жұмысты бастап кеттік. Ұжымның сапалық құрамы жоғары. Бөбекжайды жақсы көрсеткіштерге жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар. Ата- аналармен де байланысымыз жақсы. Алдағы жылға жасап отырған жоспарларымыз да жетерлік, – дейді бөбекжай меңгерушісі Айша Сабырқызы.
Есет ДОСАЛЫ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді