Өсім де, төмен көрсеткіш те бар
Халықтың әлеуетін арттыру – мемлекеттің экономикасына тікелей байланысты. Бұл тұрғыда елдегі өнеркәсіптердің табысты өніммен жұмыс атқаруы үлкен рөлге ие. Осы тұста өз өңіріміздегі ахуалды айтар болсақ, биылғы қаңтар-қараша айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 768,3 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің химия (105,0%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (103,8%), машина жасау (134,5%), жеңіл өнеркәсіп (106,7%) салаларында өсім байқалады. Химия өнеркәсібіне келсек, биылғы қаңтар-қараша айлары аралығында сала өндірісінің көлемі 259 215,6 миллион теңгені (2022 жылы 278 796,2 миллион теңге болған) құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі 47,5 пайызды көрсетті. Бұл салада «Қазфосфат», «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істейді. «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалдары сары фосфор және оның қосындыларын, фосфорлы және азотты минералды тыңайтқыштар өндіруге мамандандырылған.
Дайын өнімнің 80 пайыздан астамы шетелге, атап айтқанда сары фосфор Ұлыбританияға, Германияға, Данияға, Үндістанға, Италияға, Польшаға, Америка Құрама Штаттарына, Швейцарияға, минералды тыңайтқыштар Бельгияға, Кореяға, Латвияға, Испанияға, Қытай, Түркия, Қырғызстан және тағы басқа елдерге, натрий триполифосфаты Германияға, Қытайға, Чех Республикасына, ортофосфор қышқылы Ұлыбританияға, Германияға, Қытай, Швейцария және басқа да елдерге өткеріледі.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі саласында биыл қаңтар-қарашада 52 159,8 миллион теңгеге өнім өндірілді (2022 жылы 45 923,5 миллион теңге болған). Саланың негізгі кәсіпорындары – портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы, темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жамбылхимстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және тағы басқалар. Саланың өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыс берушілердің сұранысына, құрылыс монтаж жұмыстарының маусымдық сипатына байланысты.
Машина жасау саласында 2023 жылдың қаңтар-қарашасында 20 687,2 миллион теңгеге өнім өндірілді (2022 жылы 14 228,8 миллион теңге). Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 3,8 пайыз. Саладағы өнім көлемі «ЖамбылРемСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілді.
Жеңіл өнеркәсіп саласында биылғы 11 айда 8 331,4 миллион теңгенің өнімі өндірілді (2022 жылы 5 916,7 миллион теңге). Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 1,5 пайыз. Өңірде былғары аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны – «ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігуге негізделген.
Талғат ШАЛДАРБЕКОВ,
облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өнеркәсіп және қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді