Орта бизнес ел экономикасын ілгерілетеді
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы құрылымдық экономикалық реформалардың негізгі контурларын айқындады. Мұнда басты міндеттердің бірі ретінде отандық кәсіпкерлерді қолдау қарастырылған. Бұл ретте экономикалық реформалардың негізгі драйверлерінің бірі, ол – орта бизнес. Осыған байланысты жалпы ішкі өнімдегі орта бизнестің үлесін 2025 жылға қарай 15 пайызға дейін арттыру жөніндегі міндет көзделген. Қазіргі таңда облысымыздың шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуы бойынша келесідей тенденция қалыптасқан. Шағын кәсіпкерлік субъектілері саны мемлекеттік қолдаудың арқасында және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексерулеріне мораторий жариялағанына байланысты 2018 жылдан бастап олардың саны 1,5 есе көбейіп, әлі де тұрақты түрде өсуде. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелерін шешу мақсатында «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы Сараптамалық кеңес» және Әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімін құрумен айналысатын арнайы комиссия жұмыс атқарады.
Орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет бөлінісіндегі жұмыспен қамтылғандар санының 37 пайызы (3335) өнеркәсіп саласына, 15 пайызы (1499) құрылыс саласына, 5,1 пайызы (476) білім беруге, 8,9 пайызы (822) денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге тиесілі. Биылғы 2-тоқсанда орта кәсіпкерлік үлесі 5,2 пайызды құрап, жалпы қосылған құн көлемі 66,7 миллиард теңгені құрады. 2022 жылы орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 4,3 пайыз, қосылған құн көлемі 118,4 миллиард теңгені құраған болатын.
Орта кәсіпкерліктің санының өспеу себебі – кәсіпкерлердің салық төлеу кезіндегі шағын бизнеске арналған преференцияларды қолдану мақсатында орта бизнес субъектісіне өтпей, бірнеше шағын бизнеске ыдырау үрдісінен болып отыр. Облыс әкімдігі тарапынан орта кәсіпкерлермен тығыз жұмыстар жасалып, олардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «Жамбылгипс» акционерлік қоғамының қосымша газ беру мәселесі, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вагондарды уақтылы беру, алып кету мәселесі шешілді.
2011-2023 жылдар аралығында «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу тетігі арқылы 4 384,4 миллион теңгеге 10 орта кәсіпкерге жетіспейтін инфрақұрылым жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде облысымыздың 7 орта кәсіпкерлік субъектісінің жобасы іске асырылды. Орта кәсіпкерлікті дамыту жұмысы тұрақты бақылауда және бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.
Ислам ТҰРСЫНБЕК,
облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының кәсіпкерлікті мемлекеттік колдау бөлімінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді