Жоспар артығымен орындалған

Жоспар артығымен орындалған
ашық дереккөз
Жоспар артығымен орындалған
Биылғы 11 айда Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің барлық бағыттары бойынша оң динамика қалыптасқан. Кірістер 109,1 пайызға, оның ішінде өзіндік кірістер 3,9 миллиард теңгеге орындалып, 117,9 пайызға артқан. Жоспар 3,3 миллиард теңге болған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі Ернар Есіркепов хабарлады. Бүгінгі күнге ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6970 бірлікті құраған. Қазіргі уақытта 6513-і жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға артқанын көрсетеді. – Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны осы жылдың 2-ші тоқсанының қорытындысымен 8534 адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 6,2 пайызға өсті. Егістік алқаптарының жалпы көлемі 148,8 мың гектарды құрайды. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1,6 мың гектарға артық орындалды, масақты дақылдар 122,5 мың гектар. Ауданымыз облыс бойынша алғашқы болып егін орағының науқанын бастады. Бүгінгі күнге 628 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ораққа түсетін 122 458 гектар масақты дәнді дақылдарынан 117109 гектары орылып, 5349 гектары жарамсыздыққа ұшырады. Орылған әрбір гектардан 9,36 центнерден өнім алынды. Ораққа аудандағы 207 комбайн, 65 соқалы трактор, 67 дән таситын автокөлік, 48 қызметтегі автокөлік дайындалып, 300-ден аса адам ораққа қатысты, – деді Ернар Серікәліұлы. Жоспарланған мөлшер инвестицияда 100,9 пайызға, құрылыс саласында 98,9 пайызға, тұрғын үй көлемі 101,9 пайызға, бөлшек сауда 117 пайызға орындалған.  

Қамар ҚАРАСАЕВА

     

Ұқсас жаңалықтар