«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әзімбекті ардақтайық...

Әзімбекті   ардақтайық...
ашық дереккөз
Әзімбекті ардақтайық...

Әзімбек Жанқұлиев – елімізге айтыс өнері арқылы кеңінен танымал болған ақын. Халқымыз ұлттық дәстүрімізге әбден сусап, ақындар айтысын сағына, тағатсыздана күтетін сонау 1984-1990 жылдары өзіндік үнімен, жұп-жұмыр жырымен жарқ еткен Әзімбек жұртшылық жүрегінен берік орын алғаны мәлім. Одан соң ел Тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында айтыс өнеріне айрықша үлес қосқан ақын, Ауған соғысының ардагері Ә.Жанқұлиев облыстық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып, жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрді. Ол өмірінің соңына дейін (21.09.2003 жылы 41 жасында қайтыс болды) өнер сайысының бел ортасында жүріп, облысымыздың намысын қорғай білді. Халық құрметін еншілеген тума талант Әзімбек Көпенұлының өнердегі айтулы еңбегін ел ағалары бағалап, оның есімін өзі оқыған Темірбек ауылдық округінің Тегістік ауылындағы орта мектепке берсе, жөн болар еді. Мұны – белгілі айтыскер және жазба ақынға көрсетілген құрмет деп білер едік. Әзімбек оқыған бұл мектептен болашақта оған еліктеп ақын да, жазушы да шықпасына кім кепіл?!

Мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары атынан: Шайқыз Садырқұлова, Сейсенбай Сиқымбаев, Нұрлан Берікбаев, Бауыржан Дәліқұлов, Әлім Мадишев, Перизат Оспанова, Алтай Сағындықов, Бурабай Есбаев және бір топ азаматтар.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар