Басты жаңалық
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы айтылды
- author «Ақ жол»
- 21 желтоқсан, 2023
- 858
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы айтылды
15 желтоқсанда өткен Әдеп жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген әлеуметтік проблемалық объектілерге қатысты жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының м.у.а. Қ.Байгебаев облыс көлемінде құрылысы аяқталмаған әлеуметтік нысандардың мәселесіне тоқталып өтті.
Яғни, жергілікті атқарушы органдармен тиісті бақылаудың болмауына байланысты 6 нысанның құрылыс жұмыстары келісім-шартта көзделген мерзімде аяқталмай, әлеуметтік проблемалық нысандарға айналған.
Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіктерге бұндай салғырттыққа жол бермеу, әрбір құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау туралы ұсыныс жолдау туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың атқарылған жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тарту, сонымен қатар, кемшілікке жол берген мекемелерде жұмыстарды жандандыру бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




