«Ұлы даланың» алғашқы мектебі ашылды
Білім беру инфрақұрылымын дамыту – басты міндеттердің бірі. Бүгінде облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер соғылып, апатты, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі рет-ретімен шешімін тауып келеді. Күні кеше қаламыздағы «Ұлы дала» шағынауданында бой көтерген 1200 орындық алғашқы мектеп осының дәлелі. Білім сапасының артуына септігін тигізетін заманауи үлгідегі білім ошағы жыл басынан бері ел игілігіне берілген төртінші мектеп. Бүгінде аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асады. Оның 2314-і мектеп жасындағы оқушылар. №64 білім ордасы – мұндағы алғашқы мемлекеттік мектеп.
Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген.
Мұнда лингафон кабинеттері, зертхана, 350 адамға арналған кең акт залы, оқу залы бар кітапхана мен 400 орындық асхана, шеберхана бар. Сондай-ақ, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген 56 сынып орналасқан. Мектепте 58 мұғалім сабақ береді.
Аталған ауданда жаңа білім ошағының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен жаңалық болды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен кездесулерде тұрғындар білім ошағын салу кезек күттірмейтін мәселе екенін айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізген болатын. Нәтижесінде тұрғындардың талап-тілегін ескерген өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа білім ордасы ел игілігіне берілді.
Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ауданда тағы 3 мектептің құрылысы жүруде. Келесі жылы пайдалануға берілетін бұл білім ошақтарында 4400 оқушы білім алатын болады.
Гүлжан РАХМАН
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




