Басты жаңалық
ЖАҢАТАСТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- author «Ақ жол»
- 16 желтоқсан, 2023
- 638
ЖАҢАТАСТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Биылғы жылы ауданның 95 жылдық мерейтойынан бастап, өзге де айтулы мерейтойларды абыроймен атап өткен ауданымызда көптеген игілікті шаралар жүзеге асуда. Бүгін қала тұрғындары қуанышты сәттің, игілікті шараның куәсі болды.
Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №44-ші, 56 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп пайдалануға берілді.
Пәтер кілттерін табыстау салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.
«Бүгін қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Жеке кәсіпкердің өз қаражатына жөндеген бұл тұрғын үйді мемлекеттің қорына алып, ел игілігіне беріп отырмыз. Бұл пәтерлер негізінен, әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға беріледі. Жаңатас қаласы үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Жылдан жылға қала тұрғындарының саны көбейіп, тұрғын үй кезегіндегі тұрғандардың саны да арта келеді. Қаламызда пәтер алу кезегінде екі мыңға тарта азамат кезекте тұр.
Бүгін міне ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған бірқатар азаматтар жаңа қонысқа ие болып отыр»,- деген аудан басшысы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсынған және құрылыс жұмыстарына ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Бұдан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев қуаныш иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Жаңа пәтерге ие болған азаматтарға пәтер кілттері салтанатты жағдайда табысталды.
Жаңа қонысқа ие болған тұрғындар қуаныштарын жасыра алмай, облыс, аудан басшыларына алғыстарын білдірді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




