Мамандық таңдау – маңызды іс
Қоғамда сұранысқа ие, табысы жоғары маман атану – кім- кімнің де арманы. Қазір ұлттық бірыңғай тестілеуден құламай, қажетті балды жинаған талапкерлер ғана қалаған мамандықтарына құжат тапсыра алады. Оксфорд мамандары барлық мамандықтың 35 пайызы алдағы 25 жылда автоматтандырылатынын айтады. Әлемдік мәселенің, әсіресе, бізге қатты әсері тиіп тұр. Өйткені, елімізге әртүрлі сала бойынша 150 мыңнан астам маман керек. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Маман даярлау заман ағымына қарай жан-жақты кәсіби құзыреттілігін шыңдауды қажет етеді. Әлемдегі беделді, жетекші оқу орындарының тәжірибелеріне сүйенер болсақ, біз, педагогтер маман дайындаумен шектелмей, соның ішінде қоғамға қажетті кадр даярлауға жете мән беруіміз керек. Бұл біз дайындап отырған мамандардың жұмыс берушілер талабына ғана емес, қоғам талаптарын қанағаттандыру болып табылады.
Бүгінгі өзгерістер–әлем тарихында болмаған жаңа мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар дәуірі. Бұл тұрғыда ұстаздар ұстаханасы атанған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде уақыт көшіне ілесу мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Қазіргі қоғамда білім берудегі әлеуметтік және экономикалық прогрестің басты факторлары түбегейлі өзгеруде. Жаңа білімді іздеу мен игеруге, стандартты емес шешімдер қабылдауға қабілетті тұлға – мәдениеттің басым құндылығы. Елімізде оқытудың маңызды белгісі – білім алушыларды одан әрі өмір сүруге дайындауға бағыттау. Жаңартылған білім беру тұжырымдамасында «білім алушыларды еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларды ерте бейіндеуге және мектепте бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен кооперациясын пысықтауға бағдарланған» делінген. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды 5-сыныптан бастап бейіндік оқытуға бағыттаған жөн.
Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Ол болашақ өмірге бағыттау, мамандық таңдауға неғұрлым сәтті қадам жасалған сайын, өмірлік жол соғұрлым қызықты және табысты болады. Бастауыш сынып жасынан оқушыларға мамандық таңдау – табысты мансап, биік бедел, жоғары жалақы, сұраныска қажеттілік екендігін жете түсіндірген абзал. Мамандықтар негізінен сыртқы тиімділігі бойынша таңдалады. Осы кезеңде мінездің психологиялық ерекшеліктері, физикалық мүмкіндіктері ескерілмейді. Бұл көптеген қателіктерге ұрындырады. Өйткені, адам санасындағы мамандық тағдырмен, өмірлік мақсаттармен байланысты. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының басты көздеген мақсаты – оқушыларға, олардың ата-аналарына сұранысқа ие мамандықтарды дұрыс және уақтылы бағдарлау және болашақты таңдауда қателеспеуге көмектесу бағытында жүргізу. Оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдау барысында, кәсіптік өзін-өзі анықтау мәселесінде білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес бағыт-бағдар жұмыстарын ұйымдастырған жөн.
Қорыта келе айтарым, мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады.
Рахат АЮБАЕВА,
Амангелді атындағы орта мектеп директорының бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді