Басты жаңалық
Жамбылда «Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті
- author «Ақ жол»
- 15 желтоқсан, 2023
- 893
Жамбылда «Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті
№3 Байзақ колледжінің базасында өткен облыстық слет барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров парасатты қоғам құрудың маңыздылығына тоқталып, жастарды сапалы білім алуға шақырды. Слет барысында жас кәсіпкер, продюссер, блогер – Аден Марғұлан және стэнд-ап комик, блогер – Аңсаған Садырханов спикер ретінде сөз сөйлеп, студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерді белсенді оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенді болуға, қоғамның дамуына үлес қосуға шақырды.
Слет соңында бейнеролик түсіру челленджі мен эссе жазу байқауының жеңімпаздары марапатталып, «Саналы ұрпақ» клубының белсенді жастарының үндеуі жолданды.
Ұқсас жаңалықтар
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті
- 12 наурыз, 2026
200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына қосылады
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




