Тамшылатып суару жүйесіне басымдық берілді
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Atlantis» компаниясының басқарма төрағасы Гүрсель Аралмен кездесіп, аймақтағы су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жүзеге асырылу тиіс жобалардың перспективаларын бірлесе талқылады. Түркиялық «Atlantis» компаниясының негізгі қызметі тамшылатып суару технологияларын дамытуға бағытталған. Гүрсель Арал мұндай жүйелер өндірісін біздің облыста да жолға қою ниетінің барын білдірді.
Ербол Қарашөкеев өңірдегі егіс алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Сонымен қатар, бұл бағытта атқарылуы тиіс бірнеше бағытты айқындап алды. Атап айтсақ, олар – жерасты су ресурстарын тиімді пайдалану, каналдарды қайта құру және жөндеу, су қоймаларын салу, ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру және суды үнемдейтін технологияларды өндіріске енгізу.
– Жамбыл облысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда стратегиялық рөл атқарады. Өңірде қант қызылшасын өсіруге басымдық берілуде. Жалпы, бүгінгі күні елімізде өндірілетін пияздың 80 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі. Бізге алдағы уақытта өнім шығымдылығын арттыру үшін тамшылатып суару технологиясын енгізуге басымдық берілуі қажет, – деді облыс әкімі.
Кездесуде екі тарап өзара тиімді ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін ескере отырып, бұдан әрі де тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




