Басты жаңалық
Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқытуға көшуі туралы
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2023
- 678
Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқытуға көшуі туралы
Ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсандағы қолайсыз ауа-райы метеожағдайларына байланысты, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығы, 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығы және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «ҚАЗГИДРОМЕТ»-тің 11 желтоқсандағы №155 ТЛГ ескертпесіне сәйкес, облыстағы орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшіріледі. Атап айтқанда, өңірде ауа температурасы 25-35 градус өте қатты аязға дейін күрт төмендеуіне байланысты 13 желтоқсанда Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов,
Талас аудандары мектепалды даярлық және 1-11 сынып оқушыларын, Шу ауданы мектепалды даярлық және 1-8 сынып оқушыларын қашықтықтан оқуға жіберді.
Ал, Сарысу және Қордай аудандары бойынша қашықтықтан оқуға жіберу туралы бұйрықтар жергілікті жерде 13.12.2023 жылы сағат 06:45 дейін қабылданатын болады.
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен барлық білім беру мекемелерінің жылу желілерінің қалыпты жұмыс істеуін бақылауда ұстау мақсатында тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




