«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тарихи зерттеулер жоғары бағаланды

Тарихи зерттеулер жоғары бағаланды
ашық дереккөз
Тарихи зерттеулер жоғары бағаланды
2020 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы негізінде құрылған Жамбыл облыстық комиссиясының жанындағы «Саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық, саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған босқындарды, дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жөніндегі» кіші жұмыс тобы соңғы үш жылдың көлемінде атқарған зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ашаршылық жылдарының құрбандары жерленген орындарды анықтап, картасын дайындады. Астанада іссапарда болған облыстық комиссия төрағасының орынбасары Сара Мәдиева мен комиссия мүшесі Сағындық Зейнуллаұлы Орталық офиске картаны таныстырды. Бұл жұмыс жоғары бағаланып, карта өзге өңірлердің ішінде тұңғыш жасалып отырғаны айтылды. Жүйелі жұмыс басқа облыстарға насихатталады. Бұл жұмыстарды жүргізуде топ мүшелері, тарихшы, өлкетанушы Қ.Дәурембеков, тарих ғылымдарының магистрі, археолог С.Қалиұлы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі А.Қартабева, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Е.Әбдиев, тарихшы Б.Устаев, тарих ғылымдарының магистрі С.Нағашбекова тындырымды жұмыс атқарды. Келер ұрпаққа керек деректер мен ақпар жинауда, туған өлкеміздің зұлматты жылдарындағы тарихын зерделеу жұмыстары 2024 жылы да жалғасады.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар