Ел азаматымен ардақты

Ел азаматымен ардақты
ашық дереккөз
Ел азаматымен ардақты
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Журналистика және филология кафедрасымен бірлесе ұйымдастырған «Ел азаматымен ардақты» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияның басты кейіпкері – ақын, композитор, қайраткер, ҚР Құрметті құрылысшысы Қайрат Бисембаев болды. Іс-шарада журналистика және филология мамандықтарының 2-3-курс студенттері туған жерге туын тіккен азаматтың жырлары мен әсем әуендерін нақышына келтіре орындап, тыңдарман қауымды ерекше сезімге бөледі. Іс-шараны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, филология және журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Меруерт Көпбаева жүргізіп, Қайрат Әшірәліұлының шығармашылығына тоқталды. Қызмет пен шығармашылықты қатар ұстап, үлгі бола білген өлкеден шыққан азаматтарды өскелең ұрпақ та танып-білуі үшін ұстаздар қауымының осындай жиындарды ұйымдастыруының көп пайдасы барын да атап өтті. Іс-шараға облыстың зиялы қауым өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салса, ақын Үміт Битенова мен Шапағат Әбдір ақын болмысы турасында өз жырларын оқыды. Аталған университетте отыз жыл бұрын Қайрат Бисембаевпен бірге оқыған ақын, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкері Ербол Қамбатыров студенттік жылдар турасындағы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шараға Түркістан облысы, Түлкібас ауданынан келген Мадина Қарымбаева Қайрат Әшірәліұлының «Қызға тілек» атты жүрекжарды әнін көңіл тебіренте орындады. Іс-шара соңында Қайрат Әшірәліұлы оқырмандармен сыр-сұхбат өткізіп, жастарға деген тілегін айтты.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар