Мұсылман ғалымдары теріні жасартатын крем ойлап тапты
- author «Ақ жол»
- 8 қаңтар, 2015
- 662
Үнді еліндегі Алигарх университетінің зерттеуші ғалымдары қартаюға қарсы крем ойлап тапты. Нанотехнология негізінде жасалған кремнің әсер етуі де ерекше дейді олар. Қазіргі уақытта университет аталмыш өнімді патенттеп, оның жасалу жолы мен құрамын базар нарығына шығаруды жоспарлап отыр.
Кремді ойлап тапқан қолданбалы физика кафедрасының оқытушылары доктор Алим Накви, Бридж Радж және Васир Хан есімді ғалымдар өздері ашқан жаңалықтың кәрілікке қарсы косметика әлемін дүр сілкінтеріне сенімді. «Біздің өнім толықтай табиғи қоспалардан әзірленген. Сондай-ақ, дайындалуы да өзге өнімдерге қарағанда, екі есе арзанға түседі. Осыған сәйкес, базардағы бағасы да төмен болады», - дейді Алим Накви. Осыдан бір жыл бұрын кафедра ғалымдары жеміс-жидектер мен көкөністерді ұзақ сақтаудың тиімді тәсілін ойлап тапқан болатын. Олар ойлап тапқан технология негізінде көкөністер мен жемістерді бөлме температурасында 2 айдан артық мерзімде сақтауға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Қытай компаниясы Қазақстанда робот құрастырмақ
- 16 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




