- Advertisement -

Жақсы бастама жалғасын табады

47

- Advertisement -

«Арайстрой маркет» компаниясы 20 жылдық белесті еңсеріп отыр. Осы уақыт аралығында серіктестік көптеген әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне атсалысты.

2013 жылдан елімізде алғашқы болып құрылысқа қажетті бірқатар материалдарды да өндіреді. Бұдан өзге жаңа жобаларды да жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал еткен. Түрлі әлеуметтік нысандар мен жол төсеу жұмыстарымен де айналысады.

Өнеркәсіп саласының дамуы – ел экономикасын жаңғыртып, әлеуетін арттырады. Қазір бұл серіктестікте 1500-ден аса адам жұмыс істейді. Сән-салтанаты жарасқан мерейтойлық кешке зиялы қауым өкілдерімен қатар, «Інжу» балабақша-мектебінің өнерлі бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысты.

Осыдан он жыл бұрын Тараз қаласында «Балапан» бағдарламасы арқылы бірінші болып бой көтерген мемлекеттік-жеке әріптестік аясында білім беру кешені – «Інжу» балабақша-мектебін де ашқан. Бұл білім ошағы бүгінде ата-аналардың алғысына бөленіп отыр.

– Біздің оқушыларымыз қазіргі таңда жыл сайын Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсіп жатыр. Бұл – білім сапасы жақсы деген сөз. Бізден білім алған түлектердің көбі, одан әрі қарай білімін шыңдау мақсатында шетелдерде жүр, – дейді «Інжу» мектеп-гимназиясының директоры Жанна Мәдімарова.

Облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек білім саласына да еңбек сіңіріп, өзіндік үлесін қосқан басшыға ризалығын білдірді.

Мерейтойға жиналғандар «Інжу» балабақша-мектебі оқушыларының өнерін тамашалауға да мүмкіндік алды.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support