Қар және мұз фестивалі
Қытайдың Харбин қаласында халықаралық қар және мұз фестивалі өтуде.
Шара жыл сайын ай күнтізбесі бойынша кіретін жаңа жыл қарсаңында өткізіледі. Онда мұздан жасалған ғаламат мүсіндер жұрт назарына ұсынылған. Олар ерекше технология бойынша дайындалады. Алдымен жүздеген келі тартатын қар тепе-теңдікті сақтайтын арнайы арамен кесілген. Содан соң ғана мүсіндердің үстінен су құйылған. Елу гектар жерді алып жатқан ғажайып мұз қалашығын жасап шығаруға 10 мыңдай адам атсалысқан. Фестиваль қаңтардың 5-інен ақпанның 25-іне дейін жалғаспақ. Бір қызығы, мұз қалашықта жаппай жас жұбайлардың некесін қию рәсімі де өткізіледі екен.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




