Ресей ғарыш аппараттарын ұшырудан рекорд жасады
2014 жылы Ресей ғарыш аппараттарын ұшыру жөнінен рекорд жасады. «Роскосмос»-тың мәліметінше, 2014 жылы барлығы 80 ғарыш аппараты ұшырылған. Оның 31-і мемлекет қажеттілігі үшін, бесеуі коммерциялық мақсатта іске асырылды және 44-і - шағын ғарыш аппараты.
Өткен жылы Ресей ғарыш ұшырылымдарының саны жөнінен бірінші орынды ешкімге бермеді. КСРО дәуірінен бері тұңғыш рет 38 зымыран ұшырылды. Сонымен бірге 2014 жылы Ресейдің кәсіпорындары шетелдік тапсырыс берушілер үшін 3 ғарыш аппаратын жасап, іске қосқан. Олардың бірі 19 маусымда «Днепр» бағдарламасы бойынша 17 елдің 34 спутнигін орбитаға шығарған, бұл да рекорд болып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




