ЕДБ сарапшылары ЕАЭО-дағы ұтқыр зейнетақы жүйесін дамытуды қарастыруда
- author «Ақ жол»
- 8 қаңтар, 2015
- 800
Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына орай оған қатысушы елдер мен ТМД мемлекеттері үшін зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы саясатты үйлестіру мәселелері өзекті бола түседі, деп жазады «Казахстанская правда» газеті сенбілік санындағы «Пенсионная мобильность» деген тақырыптағы мақаласында.
Қазақстан заңнамасы азаматтардың трансшекаралық ұтқырлық құқығын қамтамасыз етеді. Өйткені, олардың ресми түрде тұрғылықты мекен жайын өзгерткенге дейінгі барлық жинақтары, зейнетақы қаржысы «күйіп» кетпейді, өзімен бірге қалады. Еуразиялық даму банкі мен Дүниежүзілік банк сарапшыларының «Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД аясындағы зейнетақы ұтқырлығы» атты зерттеу нәтижесінде дәл осындай қорытынды шығарылған. Зерттеудің Қазақстанға қатысты тармағында еліміздегі «ерікті зейнетақы жинақтары азаматтардың жеке есепшоты ретінде қарастырылатындығы айтылған. Сарапшылар қандай шешім қабылданса да зейнетақының жинақтаушы бөлігіне ерекше назар аудару қажет деп санайды. Яғни, егер азамат жеке зейнетақы қорына ақша аударып отырса не болмаса оның тұрып жатқан елде жинақталған зейнетақысы болса, онда ол басқа мемлекетке қоныс аударған кезінде жинаған барлық қаржысын ала алуы не сол елдегі зейнетақы қорына аудара алуы тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




