Ямада Джун Тараздағы НЗМ де қонақта болды
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл” халықаралық науқаны аясындағы сапарымен Тараздағы НЗМ де қонақта болды.
Алдымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің құндылықтарымен танысып, мектеп ішінде экскурсиямен жалғасты.Науқан аясында мектепішілік халықаралық байқауға қатысқан оқушылар өз кезегінде эссе, дебатта көтерілген тақырыпқа қысқаша шолу және де суреттерімен таныстырды. Әлем көтерген өзекті мәселе бүгінде өршіп тұр.
Елші Қазақстанның көне қаласы – Таразға жасаған алғашқы сапарына таңданысын білдірді. Сонымен қатар Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелерін аралап, өлкеміздің бай тарихына үңілді. Алған әсерінің керемет екендігін айтты. .
Сондай-ақ елші зорлық-зомбылық әр елде әр түрлі формада болатынын атап өтті.
Бұл құбылыспен әлемдік ауқымда күресу үшін күш біріктірудің маңыздылығына баса назар аударды.
Өкілетті елші өз сөзінде, мектепке келу мақсатын, ауқымды тақырыптағы өзіндік кеңестерімен бөлісіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары мен қарсы тұруға шақырды. Ямада мырза тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін адамдарға құрметінің зор екендігін білдірді.Кездесу «Даналық бейсенбі» жобасымен және «Әлем зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы» тақырып аясында кураторлық сағатпен жалғасын тапты.
Байқауға қатысқан оқушыларды арнайы елшіміз Ямада Джун өзі мараппатады. Оқушылардың ең ауқымды тақырыпта өз үлестерін қосқаны үшін, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың адам өміріндегі алатын маңызы өте ауыр екенін талқыға салып, белсене ат салысқандарына, осы тақырып аясында үнсіз қалмай, өз үлестерін қосқанына, оқушының ойлау қабілеттілігі осыншалықты жоғары деңгейде болғанына өз ризашылығын білдірді. Мектеп құндылықтары мен оқушылардың ізеттілігіне елшіміз басын иді.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




