Басты жаңалық
Алматыдағы іздеу салынған ер адамның денесі өзеннен табылды
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2023
- 755
Алматыдағы іздеу салынған ер адамның денесі өзеннен табылды
Алматы полициясы 29 қарашада үйінен шығып, қайта оралмаған ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Бұған дейін Алматының еріктілері жоғалған ер адам жайлы ақпаратты әлеуметтік желіге салған еді. Алматы қалалық полиция департаменті жедел іздестіру іс-шарасы барысында ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. «29 қарашада үйінен шығып, қайта оралмаған 1989 жылы туған Тимур Попов есімді азаматтың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру тобы жедел түрде ер адамның жүру бағытын анықтады. Ол таксимен Талғар қаласына барған. 7 желтоқсан күні сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың әйеліне телефон арқылы «SOS» дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан «Талгарка» өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде суға кеткен ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




