- Advertisement -

Инфрақұрылымды жаңғырту жүйелі жүргізілуде

30

- Advertisement -

Бүгінде билік өңірлерді дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Халықтың сапалы өмір сүруіне қажеттінің бірі – елді мекендердегі инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде жүргізілуі. Мәселен, Сарысу ауданында 25 елді мекен бар. Оның ішінде Жаңатас қаласын қоса алғанда 20-сы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Қалған 5 елді мекенді, атап айтсақ, Шағалалы, Үшбас, Майлыкөл, Ақтам, Кіші Көкдаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету кезең- кезеңімен жоспарланған. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен аудандағы 5 ауылдың ауыз су жүйесінің құрылысына, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстарына 1,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда еліміздің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мердігері анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәуренбек Шалбаевтың айтуынша, биыл аудандық жол құрылыс саласына 639,3 миллион теңге бөлініп, барлығы 11 жол жөндеу жобалары іске асырылған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен 1 жоба, яғни 9,2 километрлік Шағалалы ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысы басталыпты. Бұған облыстық бюджеттен 134,9 миллион теңге қаржы қаралған. «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Саудакент, Игілік, Жаңаталап, Ұйым, Жайылма және Тоғызкент ауылдарының ауылішілік 11 көшесінің жол жабындысына орта жөндеуге және 1 көшені жарықтандыруға 353,4 миллион теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда асфальтбетон төсеу жұмыстары толығымен аяқталған.

– Ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету де бүгінде маңызды істің бірі болып отыр. 25 қазан – Республика күні мерекесінде ауданымыздағы Досбол ауылдық округі, Шағалалы ауылына салтанатты түрде табиғи газ қосу шарасы өткізілген болатын. Ал, қоғамдық көлік жөнінде айтсақ, бүгінде қалаішілік «Орталық базар – Шоқай Датқа көшесі», «5 А ықшам аудан – Ертегі әлемі аялдамасы – Әулие ата көшесі» бағыты және ауданішілік «Жаңатас-Жайлаукөл», «Жаңатас-Игілік-Саудакент», «Жаңатас-Жайылма-Саудакент», «Жаңатас-Тоғызкент-Әбілдә», «Жаңатас-Ә.Бүркітбаев-Үшбас-Арыстанды», «Жаңатас-Ұ. Сыздықбаев-Ақтоғай» бағыттары бойынша жолаушы тасымалы ұйымдастырылған. Келесі жылға «Жаңаталап-Ұйым-Жаңатас» және «Қызылдихан-Маятас-Жаңатас» бағыты бойынша әлеуметтік маңызы бар маршрут ашу жоспарланып отыр, – дейді бөлім басшысы Дәуренбек Әсембайұлы.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support