- Advertisement -

Әлемді бірге өзгерт!

49

- Advertisement -

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай «Әлемді бірге өзгерт!» атты облыстық волонтерлер форумы өтті.

Білім беру ұйымдарында волонтерліктің негіздерін оқытуды мақсат тұтқан жиынды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ресурстық орталығы мен «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы» ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – еріктілер арасында өзара байланыс орната отырып, біліктіліктерін арттыру, кәсібилігін дамыту, тәжірибе алмасуына ықпал ету.

Форумға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Марат Баяндин, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Теміржан Ізтілеуов және мемлекеттік органдардың, волонтерлік ұйымдардың, жастар қозғалыстары мен облыстық волонтерлік фронт-офистің өкілдері қатысты.

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін еріктілер форумын аталған институттың ректоры Марат Асылбекұлы құттықтау сөзбен ашып берді. Мұнан соң облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Теміржан Ізтілеуов сөз алып, аймақ еріктілерінің атқарып жатқан ауқымды жұмыстары жөнінде баяндады.

– Волонтерлік дегеніміз – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ету деп түсінемін. Біздің жастар өте тату және белсенді. Өңірде осы жылдың өзінде 13 715 жас волонтерлікпен айналысуда. Қазіргі таңда облыс аумағында 13 волонтерлік ұйым бар. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында – 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық ресурстық орталықтардың жанында 11 волонтерлік топ құрылған. Бұл жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 1 704 іс-шара өткізілді. Өңірдегі волонтерлік қозғалысты дымыту және жастар арасында кеңінен тарату мақсатында биыл техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 840 студентті қамтыған 14 кездесу ұйымдастырылды. Волонтерлікті серік еткен жастарды бүгінгі күннің қаһарманы дер едім. Себебі, елімізде қандай қиын жағдайлар болса, еріктілер сол жерден табылады. Үлкен жүрек иелерінің алдағы жұмысына сәттілік тілеймін деді! – Теміржан Серікұлы.

Жиында тәжірибелі волонтерлер өздерінің жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Нақтылап айтсақ, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты еріктілер қозғалысының төрағасы Аққанат Болат баяндама жасап, институтта волонтерлік бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал, «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті Аяулым Сартаева «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде волонтерлік бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында сөз қозғады. Форум барысында белсенді волонтерлерге Алғыс хаттар да табысталды.

 

Назерке СӘНДІБЕК

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support