Басты жаңалық
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 6 ПЕДАГОГЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ
- author «Ақ жол»
- 6 желтоқсан, 2023
- 747
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 6 ПЕДАГОГЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Ұстаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Үздік педагог» атағымен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Жеңімпаздарға «Үздік педагог» куәлігі, «Үздік педагог» төсбелгісі және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Биыл «Үздік педагог» байқауына қатысу үшін 961 өтінім берілген. Конкурс қорытындысы бойынша 64 педагог өз мамандығы бойынша үздік атанды. 2023 жылдың ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРЫ: Ошақбаев Рауан Маратұлы - Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектептің география пәнінің мұғалімі; Нуралиева Айнұр Ерболқызы - Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектептің математика пәнінің мұғалімі; Қалдасбекова Айшат - Жуалы ауданы Көктөбе орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі; Тәтібекова Айнұр Андабекқызы - Т.Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Сарыбаев Мақсат Махмұтұлы - Облыстық «Дарын» лицей-интернаттың информатика пәнінің мұғалімі; Жүзбаев Нариман Күмісбекович - «Қаратау құрылыс -техникалық колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы; Үздіктер қатарынан табылып, облысымыздың атағын асқақтатқан ұстаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




