Басты жаңалық
Денсаулық сақтау нысандарының тозуы төмендейді – Е.Қарашөкеев
- author «Ақ жол»
- 5 желтоқсан, 2023
- 1.0k
Денсаулық сақтау нысандарының тозуы төмендейді – Е.Қарашөкеев
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында. Бүгінге 6 нысан пайдалануға берілді. «Ірі нысандардың бірі - Тараз қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер (200 төсек-орын), Шу ауданындағы балаларға арналған оңалту орталығы», - деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін тағы 13 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 медициналық-санитарлық нысанның құрылысы қолға алынбақ.
Орта мерзімді перспективада Байзақ, Қордай, Жуалы аудандарында 3 ірі аудандық аурухананың құрылысын салу, сондай-ақ Меркі, Шу және Талас аудандарында 3 ауданаралық көпсалалы ауруханаларды қайта жаңғырту жоспарлануда. Нәтижесінде денсаулық сақтау нысандарының тозуы 40,3%-дан 38%-ға дейін төмендейді.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




