Басты жаңалық
Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады
- author «Ақ жол»
- 5 желтоқсан, 2023
- 1.1k
Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады
Биыл 28 білім беру нысанының құрылысы басталып, 3 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 10 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
2024 жылдың соңына дейін тағы 15 білім беру нысаны іске қосылады, оның жетеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында. 14 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика, химия және биология пәндері бойынша кабинеттер жаңа талаптарға сәйкес жаңартылуда. Бүгінге жаңару пайызы 75%-ды құрады», - деді облыс басшысы. Білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Бүгінде облыстың барлық мемлекеттік білім беру нысандары бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Екінші және үшінші санаттағы барлық білім беру мекемелері дабыл түймесімен қамтамасыз етілген, олардың 92,5%-ы жедел басқару орталығымен біріктірілген.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




