Басты жаңалық
Биыл 20 жоба іске асырылып, 575 жұмыс орны құрылмақ – Жамбыл облысының әкімі
- author «Ақ жол»
- 5 желтоқсан, 2023
- 925
Биыл 20 жоба іске асырылып, 575 жұмыс орны құрылмақ – Жамбыл облысының әкімі
Жамбыл облысында инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 572 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінге облыстың инвестициялық портфелі 2,3 трлн теңгеге 69 жобаны қамтиды. Бұл жобаларды 2026 жылға дейін іске асыру жоспарлануда, бұл қосымша 5,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«Биыл 575 жұмыс орнын құруды көздеп отырған 87 млрд теңгеге 20 жоба іске асырылуда. Жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды табысты іске асыру облыстың бұл бағыттағы көшбасшылық қабілетін ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Облыста жалпы қуаты 451,3 МВт болатын 21 нысан жұмыс істейді», - деді облыс басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті
- 12 наурыз, 2026
200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына қосылады
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




