Басты жаңалық
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалуда – Е.Қарашөкеев
- author «Ақ жол»
- 5 желтоқсан, 2023
- 678
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалуда – Е.Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып өтті. Жалпы өңірлік өнім 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,3 трлн теңгені құрап, 6,1%-ға артты. Бұл - республика бойынша 8-орын.
«Экономика салалары бойынша, байланыс көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,1%-ға, құрылыс жұмыстары - 11,1%-ға, сауда - 2,6%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру - 2,2%-ға, өнеркәсіп өндірісі - 0,6%-ға, көлік - 0,1%-ға артты», - деді спикер.
Өңдеу өнеркәсібі секторында облыстың мықты өнеркәсіптік негізін жедел дамыту және қалыптастыру басты міндет болып қалуда. Өңір экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі 22%.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 695 млрд теңгеге дейін жеткізілді, онда өңдеу секторының үлесі 71%, өнім көлемі - 494 млрд теңге.
Тау-кен өндіру саласының көлемі 17,1%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі саласына 88 млрд теңге инвестиция тартылып, экспорт көлемі – 121млн АҚШ долларын құрады.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




