- Advertisement -

Көрші елдермен қарым-қатынас арта бермек

41

- Advertisement -

Жамбыл облысының сыртқы сауда айналымы биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 596,8 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артқанын көрсетті. Оның ішінде экспорт 30,6 пайызға төмендеп, импорт 23,4 пайызға артқан.

Бұл ретте Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттермен тауар айналым көлемі 244,5 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 19,7 пайызға төмендеген. Оның ішінде экспорт 29,6, импорт көлемі 13,6 пайызға кеміген. Облысымыздың Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің ішінде Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасымен тауар айналымы жоғары.

Ресей Федерациясымен сауда айналымы осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 40,1 миллион АҚШ долларын құраса, Қырғыз Республикасымен биыл қаңтар-қыркүйекте 5,2 миллион АҚШ долларын құрады.

Ал, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше емес мемлекеттермен сауда айналымы осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 352,3 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдағыдан 11,2 пайызға артқаны байқалған. Экспорт 34,4 пайызға төмендеп, импорт 29,1 пайызға артқан. Оның ішінде Қытай Халық Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикаларымен тауар айналымы жоғары. Бұл ретте облыстың Қытай Халық Республикасымен сауда айналымы аталған мерзімде 117,1 миллион АҚШ долларын құраса, Түрікменстан Республикасымен 1,6 миллион АҚШ долларын, ал, Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы 16,1 миллион АҚШ долларын құрады.

Облыстан көршілес мемлекеттерге негізінен зығыр тұқымы, ұсақталған немесе ұсақталмаған басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, мақсары майы, кондитерлік өнімдер, кебек, өсімдік майларын алу кезінде алынатын күнжара және тағы басқа да тауарлар экспортталады. Ал, көршілес мемлекеттерден облыс аумағына шай, томаттар, ниобий, тантал, каустикалық сода, қара металдардан жасалған металл конструкциялар, центрифугалар, таразылар, көтергіш крандар, бульдозерлер, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар мен механизмдер, тракторлар, моторлы көлік құралдары және олардың қосалқы бөлшектері, жеңіл автомобильдер және өзге де тауарлар импортталады.

Сауда-саттық та ел арасын жалғайтын, қарым-қатынасты нығайтатын байланыс. Сонымен қатар, бұл арқылы екі ел арасындағы ынтымақ та бекиді.

 

Ельяр ҚҰРМАНБЕК,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының сауда және сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бас маманы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support