Биыл 16 мәдениет нысаны ашылады
Аймақта биыл жаңадан 16 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Оның алтауы пайдалануға берілсе, төртеуі жыл соңына дейін аяқталмақ. Қалған нысандардың да құрылысы қарқынды. Оған қоса, отыз мәдениет ошағында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баяндады. Басқосу барысында басқарма басшысы өңірдің мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар мен алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Айтуынша, биыл салаға 14,7 миллиард теңге қаралып, елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту мәселесі де оң шешіліп келеді.
– Биылғы жылы 1,4 миллиард теңгеге 16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 6 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 4 мәдениет нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, 30 мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 641,5 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде, биыл 4 мәдениет нысанын күрделі жөндеуге бюджеттен 445,4 миллион теңге бөлінді. Байзақ ауданы, Көктал ауылында, Меркі ауданы, Ақермен ауылында, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында Мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Ал, ағымдағы жөндеу жұмыстары 26 нысанда жүргізілуде. 20 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, – деді Ерлан Жүнісбай.
Сонымен қатар, спикер биылғы жетістіктерді де атап өтті. Өңір өнерпаздары ел аумағында ғана емес, шетелдің шығармашылық байқауларында да жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Жыл соңына дейін аймақта Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жас, «Тараз» триосының 50 жылдық мерейтойымен қатар, «Театр – өмір айнасы» атты халық театрларының облыстық фестивалін ұйымдастыру жоспарланып отыр екен.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Тазалық техникалары отыз пайызға жаңарды
- 7 қазан, 2024
Учаскелік референдум жұмысын қорытындылады
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді