Басты жаңалық
Жамбылда ҚАЖД мекемесінде «Үздік жасақ бастығы» анықталды
- author «Ақ жол»
- 4 желтоқсан, 2023
- 984
Жамбылда ҚАЖД мекемесінде «Үздік жасақ бастығы» анықталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде дәстүрлі түрде өтетін «Үздік жасақ бастығы» байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқауда облыстық ҚАЖД-не қарасты 5 мекемеден сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері бақ сынасты. Тартыс өткен сайыстың 4 кезеңінің қорытындысы бойынша №26 түзеу мекемесінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Руслан Балықбаев үздік деп танылды. Ол өзіне тән көшбасшылық қасиеттерін, кәсіби даярлығы мен алғашқы медициналық көмек көрсетуде біліктілігін көрсетіп, ситуациялық сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Байқау қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




