Мәдениет майталманына құрмет
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі күйші- композитор Әбдімомын Желдібаевтың үйіне арнайы барып, кездесті. Аймақ басшысы өнер иесінің ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегін, облыстың, еліміздің мәдениеті мен руханиятына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, облыс әкімі барша жерлестерінің мақтанышына айналған тұлғаның алдағы уақытта да абырой биігінен түспей, шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр кешуге ниеттестігін білдірді.
Өз сөзінде ардақты ақсақал, дарын иесі Әбдімомын Желдібаев та ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.
Кездесу барысында өнер, руханиятқа қатысты келелі әңгіме өрбіп, өңірдің мәдениет саласын дамыту бойынша бірқатар ой-ұсыныстар талқыланды.
Айта кетейік, Шу ауданының тумасы, «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың бүгінге дейін 70-тен аса шығармасы жарық көрген.
Автордың «Жетісу сазы», «Толғау», «Көкшолақ», «Сұңқар сезім», «Ерке сылқым», «Өмір – өзен», «Әулие-ата», «Бозжігіт», «Ыдырыс» атты тағы басқа күйлері, «Сұлутөр», «Қызыл гүлім – қызғалдағым», «Шырайлым», «Қызыл елiк», «Сырымды айтам» секілді көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.
Тұлғаның қазақ өнерiнiң алтын қорына енген «Өмір – дастан», «Жетісу сазы», «Шабыт», «Көкшолақ», «Төле би толғауы», «Самғау», «Ерке сылқым» күйлерiн ерекше атауға болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді